Жамбылдағы жарылыс. Қоймадағы оқ-дәрі жарылмауы керек еді – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28349 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Сырлыбайұлы Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты айтып берді.
Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған, - дейді ол.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек.
Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті, - деді Руслан Жылқыбаев.
Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда тәлімгер клубы жұмысын бастады
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы