Жамбылдағы жарылыс кезінде жарақат алған тағы бір қызметкер көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қыркүйекте Жамбыл облысында жарылыс салдарынан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды.
Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілген болатын.
Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Байзақ облысындағы әскери бөлімде өрт шығып, арты жарылысқа ұласты. Салдарынан 17 адам қайтыс болып, 100-ге жуық адам жарақаттанды.Жамбыл облысында жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, 6 Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі және бір әскери прокурор. Жоғалған бір адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жасотандықтар студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы