Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қайғылы оқиға құрбандарының саны 13 адамға жетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысындағы ТЖ орнында тағы бір адамның денесі табылды.

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы өрттерді жою кезінде ТЖМ 50-ге жуық қызметкері зардап шеккен болатын.

Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. 

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;


2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;


3. Микропуло Александр Николаевич - Жедел кезекші, Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары;


4. Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;


5. Айманов Мейіржан Какпосынұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;


Тағы жоғалған үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы