Жамбылдағы ауызсу мен газ мәселесі қашан шешіледі?
Биыл Жамбылда халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша 54 жоба іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, жоба құны 13,6 млрд теңгені құраған.
Нәтижесінде, 32 елді мекенге ауыз су тартылып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 92,0 пайыздан 96,5 пайызға дейін артады деп күтілуде. Ал, 16 жоба аясында қосымша өңірдегі 18 елді мекенге табиғи газ тартылуда десек, нәтижесінде жыл көгілдір отынмен халықтың қамтылу үлесі 90,2 пайыздан 92,0 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр, - деп атап өтті өңір басшысы.
Сонымен қатар 2023 жылы автожол саласын дамытуға 24,7 млрд теңге бөлінгені болды.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5 млрд теңгеге артық. Былтыр жөнделген елдімекен көшелері 367 шақырым болса, биыл 550 шақырымды құрады. 3,3 шақырым көше жолдары құрылыспен, 11,4 шақырым жол қайта жаңғыртумен және 777,3 шақырым жол орта жөндеумен қамтылатын болады, - деді әкім.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 97 пайыздан 98 пайызға дейін жетеді деп күтілуде.