Жамбылда жол сапасына қатысты 30 кемшілік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агенттік және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп құрылған "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсенің басшысы Назима Жұбандықова өткен жылдың нәтижелі болғанын айтты.

Оның айтуынша, Тараз қаласы мен аудандардағы адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жұмысын үйлестіруге 8,7 млн теңге қаржы қарасытырылып, қазіргі таңда 10 ауданның ішінен Сарысу, Шу және Жамбыл аудандарында адалдық алаңдары ашылған.

Адалдық алаңы жол сапасына үнемі жіті бақылау жүргізіп тұрады. Жыл басынан бері 12 қоғамдық мониторинг жүргізіп, оның негізінде жол сапасының бұзылуына қатысты 30 кемшілік анықталып, қазіргі таңда қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал, қала тұрғындарымен жол жабындыларын бұзылуына жол бермеу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 103 мың теңгеден аса айыппұл салынды, – дейді Назима Жұбандықова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы