Жамбылда жер сілкінді

Жамбыл облысының кей жерлерінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, жергілікті уақыт бойынша сағат 01:30 шамасында, Тараз қаласында жер сілкінісі сезілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дүмпудің магнитудасы 5,5 құрады.

Сейсмологиялық қызметтің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Тараздан шамамен 33 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері Қазақстаннан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Қырғызстан аумақтарында да байқалды.

Сонымен қатар, мобильді құрылғыларда android қосымшасында жер сілкінісі жөнінде және сақтық шаралары туралы хабарлама жіберді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы