Жамбылда жедел жәрдем қызметкерлері шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Жедел медициналық көмек қызметі қызметкерлерінің еңбек жағдайына қатысты шағымы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің департаменті қызметтік тексеріс жүргізуде.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда жедел медициналық көмек қызметінде 2000 медициналық бетперде, 735 бір реттік респиратор, 169 бір реттік обаға қарсы костюмдер, 233 көп реттік костюмдер, 160 көзілдірік, 13691 қолғап, 1000 дана полиэтилен бахилалар бар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, 25 фельдшерге, 18 жүргізушіге, 1 дезинфекторға үстеме ақы төленген.

Сонымен қатар облыс бойынша медицина қызметкерлеріне сыйақы беру үшін жергілікті бюджеттен шамамен 80 миллион теңге қаржы қарастыру жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы