Жамбылда жаңа жел электр станциясы іске қосылды

Жамбыл облысы Талас ауданында жаңа жел электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ jambyltv.kz-ке сілтеме жасап.

9 миллиард теңге жұмсалған инвестициялық жоба Қаратау жотасының бойында орналасқан. 

Кешенде биіктігі 75 метр болатын, қуаты 4,5 мегаватты 15 жел генераторы қойылды. Өндірілген энергия қосалқы станция арқылы жалпы желіге берілуде. 

Бүгінде жел электр станциясында 20 ға жуық адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта нысанды кеңейтіп, қосымша турбиналар орнату жоспарлануда. 

Жалпы өңірде баламалы қуат көзін өндіретін 18 нысан бар. Олардың жалпы қуаттылығы 450 мегават. Кәсіпорын жергілікті қазынаға 100 млн-ға дейін салық төлейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы