Жамбылда жаңа қант зауыты салынады

Тараз, BAQ.KZ - Жамбыл облысының Шу ауданында 2021 жылға дейін жаңа қант зауыты салынпды. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бұл жөнінде zhambylnews.kz порталы хабарлады. 

Құрылысқа жеке инвесторлар тартылған. Жаңа кәсіпорын жабдықтары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Мұнда тәулігіне 8 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қант қылшасының өнімін де жыл сайын арттыру көзделіп отыр. 

Осы жылы 9,5 гектарға тәтті дақыл себіледі. Бұл өткен жылғы көлемнен 20% артық. 

"Егер, дақылдағы пайыздық үлес 18% болса, олардан қант зауыттары 12% қант алады. Ал заманауи зауыттар қант қылшасынан 15-16% дейін қант алу мүмкіндігіне ие. Бұл қант өндірісінің артуына ықпал етеді", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлекеев. 

Айта кету керек, осы жылы Жамбыл облысында 115 млрд теңгеге 23 инвестициялық жоба жүзеге асыпылады. Оның ішінде, 65 млрд теңге - шетелдік инвестициялар. Өңірде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм саласында жаңа кәсіпорындар пайда болады. Соңғы үш жылда облыста 46 инвестициялық жоба іске асырылған. 

"Егер, барынша көп жобалар жүзеге асырылатын сала бойынша айтсақ, онда бірінші орында ауыл шаруашылығы тұр: 2,5 млрд теңгеге 5 жоба. Сауда саласында бір жоба бар. Келесі жылы 96 млрд теңгеге тағы 13 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда", - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арнұр Мұхаметжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы