Жамбылда заңсыз аң аулаған орманшы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер заңсыз аң аулаған орманшыны ұстады, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
2020 жылдың 15 желтоқсанында «Ақбөкен» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Жамбыл облысының ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қаракемер ауылының маңындағы тасжолда Мойынқұм ауданының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы Ауди 100 маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан белгісіз жабайы жануарлардың 3 ұшасы табылды. Жүргізуші оның көлігінен табылған ұшалар тиісті рұқсатсыз және жолдамаларсыз заңсыз аң аулау кезінде алынған қабан еті екенін түсіндірді, - делінген хабарламада.
Ұсталған азамат Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Мойынқұм ауданының Ұланбел ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің орманшысы екендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы