Жамбылда вирус жұқтырған жаңа жағдай анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған жаңа жағдай анықталды.
Ол – 1975 жылы туған науқас Тараз қаласының тұрғыны. 10 сәуірде жөтел мен дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданып, ауруханаға жатқызылды. Алынған ПТР зертханалық талдау қорытындысы COVID-2019 инфекциясына оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды. Олардан зертханалық зерттеуге талдаулар алынды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.Тұрғылықты және барған орындары бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы