7 Қазан 2026, 15:02 Фото: pixabay.com

Жамбылда вандализм тыйылмай тұр: 82 құқықбұзушылықтың жолы кесілді

2026 жылдың басынан бері Жамбыл облысында вандализмге байланысты 82 құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, олардың қатарында қоғамдық мүлікті бүлдіру, ғимараттардың қабырғаларына заңсыз жазулар жазу, ескерткіштер мен абаттандыру нысандарына зиян келтіру фактілері бар.

Әрбір дерек бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Вандализм үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Ведомство өкілдері мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік 14 жастан бастап қарастырылатынын еске салды. Сондай-ақ полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырды.