Жамбылда үйден кеткен 200-ден астам жас жеткіншек ата-аналарына қайтарылды

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың басынан бастап 204 кәмелетке толмағандардың үйден өз бетінше кетуінің 187 фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жедел iздестiру шараларының нәтижесінде барлығы аз ғана уақыттан кейін аман-есен табылып, заңды өкілдеріне қайтарылды.

Талдауға сәйкес, жасөспірімдердің кетуінің негізгі себептері отбасындағы жанжалдар, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің бақылауының болмауы, олардың жұмыспен қамтылуы және балаларының өмірі мен мүдделеріне немқұрайлы қарауы болып табылады.

Мысалы, ағымдағы жылдың 27 қазанында екі 16 жасар қыз облыс орталығының оқу орындарынан шығып, үйлеріне оралмады. Ата-аналары мен туыстары полициядан көмек сұрады.

Баланың үйден кетуі бойынша "Дабыл" командасымен ПД-ның барлық жеке құрамындағы полиция күштері жұмылдырылып, тиiстi қаражат жұмсалды. Шараға қоғамдық белсенділер мен еріктілер қосылды.

Іздеу шаралары барысында қыздар табылып, ата-аналарына берілді. Кәмелетке толмағандар отбасылық жанжалдан кейін үйден кеткені анықталды.

Статистикаға сәйкес, көбінесе 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер кетеді. Бала - шын мәнінде өте осал және қорғансыз. Бала үйден алғаш рет кеткен кезде ата-ананың өз мінез-құлқына мән беруi маңызды, ол бастапқы кезеңде жағдайды түзете алады, отбасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіреді.

 Болған оқиғаға тек бір баланы кінәлау мүмкін емес. Бұл мәселеде ата-аналар маңызды рөл атқарады. Үйден кету - ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың болмауының салдары. Егер сіздің балаңыз үйден кетіп қалса немесе кетемін деп қорқытса – бұл жағдайларды елеусіз қалдырмаңыз. Алғашқы кету баланың психологиялық күйiн және оның отбасымен байланысын бұзады. Баланың мінез-құлқы - бұл отбасындағы жағдайдың көрінісі. Балаларға өз қалауыңызды, бақылауыңызды енгізуге тырыспаңыз, балаларды қолдау және қабылдау қажет. Әрқашан олармен сөйлесіп, олардың сізге өте қымбат екенін түсіндіріңіз - деді полиция майоры, арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Әлішер Қалышев.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларының мінез-құлқына мұқият болуға және олардың уақытын бақылауға шақырады.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес заңды өкілдерге қатысты іс материалдарын сотқа бере отырып, әкімшілік жауапкершілік көзделгенiн ескертеміз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті
Алдыңғы жаңалық
Бейжіңді тұман басты
Өзгелердің жаңалығы