Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Байқадам Дүйсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Департамент басшысы тұрмыстық коммуналдық шаруашылық қызметі екінші сатыда дейді.Биылғы жылдың І жарты жылдығында департамент азаматтардың 205 өтінішін қарады. Өтініштердің сипаты әр сала бойынша әртүрлі. Ең көп түскен өтініш бөлшек сауда саласында. Онда есепті кезеңде – 117 өтініш, бұл 57,1% құрайды. Ал тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады, - деді ол.
Оның айтуынша, осы салада барлығы 117 өтініш келіп түсті, бұл өтініштердің жалпы санының 57,1%-ын құрайды.27 өтініш түсіп, 13,2%-ды құраған. Ары қарай дәл солай тұрмыстық қызмет көрсету – 27 өтініш 13,2%-ды құрайды. Электронды сауда – 17 өтініш (8,3%-ды құрайды). Көлік қызметі – 5 өтініш (2,4%-ды құрайды). Байланыс қызметі – 5 өтініш (2,4%-ды құрайды). Қоғамдық тамақтану – 3 өтініш (1,4%-ды құрайды) және тағы басқалар бар. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша түскен өтініштердің талдауынан, Жамбыл облысында тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылатыны анықталды, - деді ол.
Оның ішінде сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуы бойынша өтініштер 47,0%-ды, күнтізбелік 14 күн ішінде сапасыз тауарды қайтарудан бас тарту туралы өтініштер 27,4%-ды құрайды, - деді Дүйсенбаев.