10 Маусым 2024 2024, 04:29 Фото: -архив

Жамбылда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі өртке оранды

Жамбыл облысында құтқарушылар жанып жатқан жүк көлігіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысында құтқарушылар жанып жатқан жүк көлігіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға "Алматы-Ташкент" тас жолының 145 шақырымында орын алған.

Тұрмыстық техника болған жүк көлігінің бөлімінде өрт болды. Құтқарушылар өртті оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

ТМЖ азаматтарды сақ болуға шақырады. Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.