11 Ақпан 2024 2024, 08:10
Фото: Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Жамбылда түрмеге қаймаққа телефон, картопқа sim-карта салып әкелген адам қолға түсті
Жамбыл облысында түрмеге сәлемдеме әкелген адамнан үш телефон мен sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысында түрмеге сәлемдеме әкелген адамнан үш телефон мен sim-карта тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ер адам түрмеге 500 мл қаймақ пен картоп қуырып әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексере келе қаймақтың ішінен 3 ұялы телефон және sim-карта тапқан.
А. есімді азаматқа Әкімшілік кодекстің 481 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жөнелтілді, - деп хабарлайды Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.