Жамбылда өрт қауіпсіздігінің сенбілігі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй секторындағы әсіресе жеке үйлердегі өрттердің айтарлықтай бөлігі жылыту пештерін ақаулықтарымен пайдалану нәтижесінде күзгі-қысқы кезеңінде орын алады.

Жылдың басынан 9 ай ішінде жылыту маусымы басталар алдында Тараз қаласы аумағында тұрғын үй секторында 125 өрт оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖД. Өрттерде 2 адамдар қаза болды. Улы газбен улануға байланысты, қайғылы жағдайлардың кең тараған себебі - жылыту жүйесінің ақаулығы. Бұның салдары орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты 2019 жылдың 28 қырқүйек күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі және «КазТрансАймақ» АҚ ЖПФ қызметкерлерімен бірлесе отырып өрт қаупісіздік сенбілік күнін өткізді. Осыған орай тұрғын үй секторында Ищина, Локомотивная, Жилкооперация, Тынышбаева көшелерінде және «Кумшагал, «Шолдала» саяжай массивтерінде рейдтік шаралар және аулаларды аралау жүргізілді.

Шараның басты мақсаты жылыту маусымы кезеңінде өрттердің, сондай-ақ адамдардың қаза болу және жарақат алуының алдын алу болып табылды. Аулаларды аралау барысында жеке тұрғын үй иелеріне жадынамалар, парақшалар таратылып, нұсқамалар өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы