Жамбылда «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының нәтижесі шығып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтсақ, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша «Энерджи Тараз» ЖШС, «Аgro green Technology» ЖШС, «Tay-company» ЖШС марапатталса, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС, «Korkem-ai cosmetic» ЖК, «Сарысу» ЖК ие болды.
Ал, «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына «АулиеАта-Феникс» ЖШС, «Сарыбас» ЖК, «Пышка» ЖК лайық деп табылды.
Сондай-ақ «Made in JAMBYL» номинациясы бойынша «Talas Investment Company» ЖШС, «Ellin shoes» және «Ас көп» компаниялары жеңімпаз атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы