28 Қыркүйек 2021 2021, 02:11
Жамбылда полицейлер ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Тұрар Рысқұлов пен Меркі аудандары арасындағы көлік қозғалысына соққан қатты жел мен көтерілген шаң қатты кедергі келтіруде.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Тұрар Рысқұлов пен Меркі аудандары арасындағы көлік қозғалысына соққан қатты жел мен көтерілген шаң қатты кедергі келтіруде.
Жолдың қауіпті аймағын полиция қызметкері видеоға түсіріп, желіге жүктеді.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 260 шақырымынан бастап 450 шақырымдық аралығында айнала нашар көрінеді. Өздеріңізден сақтық шараларын қолдануды сұраймыз, – делінген видеода.