4 Ақпан 2023 2023, 19:39
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Жамбылда өрттен 5 адам құтқарылды
Жамбыл облысында өрттен бес адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтем жасап.
Жамбыл облысында өрттен бес адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтем жасап.
4 ақпанда сағат 10:10-да Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 10:34-те жойылды. Өрт сөндірушілердің күшімен 5 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала. 1981 жылғы пәтер иесі мен оның 1987 жылғы жұбайы күйікпен ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомство хабарламасында.