Жамбылда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында және Жамбыл облысы аумағында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған апталық Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің бастамасымен жүзеге асуда.
Жедел-профилактикалық іс-шара аясында Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеруде.
Айта кетейік, аталған шара өткізу барысында бірқатар жаза өтеу тәртібін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, 8 сотталғанның тұрғылықты жерінде болмағандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, Тараз қалалық №2 сотына 3 азаматқа қатысты жаза түрін ауыстыру жөнінде тиісті құжаттар жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды
Келесі жаңалық
АҚШ долларының құны артып барады
Өзгелердің жаңалығы