Жамбылда Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылмақ
Мүсін мыстан құйылып, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автодәлізінің бойында орнатылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ханның 9 метрлік ескерткішін салалық министрлік жанынан құрылған қадағалау комиссиясы мақұлдады. Жоба бойынша, ханның қолында қанжары, астында бөрі терісі төселген көшпелі тақ болады.
Тақ берілмеген себебі, Кеңесары өз тарихында таққа отырып үлгермеген хандардың бірі. Оның өмірінің барлығы жорықта өтті. 20жылдан атсамы жорықта өткізген болатын. Сонымен қатар қазақ жерін азат ету. Әскери қақтығыстарға қатысу. Осының барлығы бұның кез-келген уақытта таққа отыруға немесе бір тыным тауып баяздауына мүмкіндік берген жоқ. Қазір беріліп отырған дүние осы ханның әскери жорықта жүргендігін көрсететін компазиция, - дейді Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Дәурембеков.
Композицияны жол деңгейімен теңестіру үшін 3 метрлік қосымша тұғыр салынады. Ал ескерткіш пен өз тұғырының әрқайсы шамамен 3 метрден болмақ. 70 сотық жер бөлініп қойған. Онда ескерткіштен бөлек автотұрақ салынып, аумағы абаттандырылады. Ал ескерткіштің өзі демеушілер есебінен орнатылады.