Жамбылда есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 9 адамға қатысты сот ісі аяқталды деп хабарлайды Polisia.kz
Сотталушылар 10 жылдан 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан адамдар тобын әшкерелеп, ұстаған болатын.
Жамбыл облысы аумағында және Нұр-Сұлтан қаласында жалпы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының ПД қызметкерлері 9 күдіктіні ұстады. Кейінгі тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 келі марихуана есірткі заты табылды. Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері алдын ала келісім бойынша шекарада марихуананы қабылдап, сатып алып отырғандығы анықталды, бұдан соң кейіннен оны неғұрлым тиімді бағамен сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық сотты болғандар жазасын өтеп жатыр.
Есептік кезеңде облыс бойынша барлығы 508 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 85 өткізу дерегі, 46 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі, 3 контрабанда дерегі және 26 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Аталған жұмыс ПД басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады өз сөзінде Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда ішкі туризм жан-жақты дамитын болады
Келесі жаңалық
Алматы облысында браконьер ұсталды
Өзгелердің жаңалығы