Жамбылда есірткі саудагері қолға түсті
Жамбыл облысының тәртіп сақшылары героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ұзақ уақыт бойы Тараз қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі өткізумен айналысқан.
Полицейлер күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 грамм болатын героин тапқан. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында кәсіпкерлерге заңсыз хабарлама жіберілген
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы