Жамбылда екі жасөспірім өзімен жасты оқушыны өлтіргені үшін сотталды
Жамбыл облысында бұзақылық жасады және Меркі ауданында мектеп оқушысын өлтірді деп айыпталған екі кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы мамырда болған. Кәмелетке толмаған сотталушылар мен жәбірленушінің арасында жанжал шыққан кезде жігіттердің бірі жәбірленушінің желке тұсынан темір кастетпен ұрған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Сот негізгі айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Екіншісі 9 тоғыз жылға сотталды.
Сотталғандар кінәсін ішінара мойындады. Сонымен қатар, сот олардың заңды өкілдерін жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда екі команданың хоккейшілері төбелес шығарды
Келесі жаңалық
Еліміздің ең үздік боксшылары Болгариядағы турнирге қатысады
Өзгелердің жаңалығы