Жамбылда екі жасөспірім 2-сынып оқушысын зорлаған
2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетіне апарып, 2015 жылғы ұл баланы қорлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 наурыз Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Ол өзінің арызында сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады. Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы - 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды. Бұдан өзге, тиісті материалдар 27 наурыз күні осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді, - делінген хабарламада.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.