Жамбылда белгісіз адамдар жолда жүк көліктерін тоқтатпақ болды

Белгісіз адамдар Жамбыл облысындағы тас жолда жүк көліктерін тоқтатуға тырысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жүк көліктерін басып озғысы келген көліктер туралы бейне тарады. Бұл 90- жылдардағы қылмысты қайталамақ болғандар ма деп дүрлікті халық. Себебі бейнероликте екі көлік екі жолақты алып жүк көліктерін тоқтатуға тырысқанын байқауға болады.

Бұл бұрынғы схема. 90 жылдары осылай түнде жүк көліктерін тоқтатып, оның жүргізушілерін өлтіріп, тауарларын сатқан. Бұрын да жүк көліктерінің жүргізушілерін қыспаққа алып апаттар жасаған, - деп жазуда оқырман.

Жамбыл облысының полицейлері тәртіп бұзушыларды тапты.

Аталған факт бойынша Жамбыл облысы ПД қызметкерлері Toyota Alphard маркалы автокөліктердің жүргізушілерін анықтады, екі жүргізуші де апатты жағдай жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы