8 Қараша 2024 2024, 03:26
Фото: скрин
Жамбылда автокөлік тиелген көлік өртенді
ТЖМ қызметкерлері өрттен 4 автокөлікті құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ қызметкерлері өрттен 4 автокөлікті құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Жуалы ауданында "Алматы-Ташкент" республикалық маңызы бар күре жолда орын алған. 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыш өртеніп, құтқарушылар тек 4 көлікті сақтап қалды.
Өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.