Жамбылда автокөлік өртенді

Жамбылда өрт сөндірушілер жанып жатқан автокөлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Шу қаласы Сейфулина көшесі бойында жеңіл автокөліктің мотор бөлігінен өрт шыққан.

Құтқарушылардың күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы