Жамбылда атпен шығып, жоғалып кеткен 7 жасар бала іздестірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйекте сағат 15:00-де Мойынқұм ауданы Құшаман ауылынан шығып кеткен бала әлі үйіне қайтпаған.
Апаттық-құтқару жасағының бір топ құтқарушысы мен кинологиялық құрамы Қазақстан ТЖД-сінің «Еврокоптер» «Казависпас» тікұшақтары арқылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына жетті. Олар жеті жасар баланы іздестіруге атсалысады.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылы туған баланың атқа мініп үйінен шығып, жоғалып кеткеніне 14 сағат өтті. 15 қыркүйекте сағат 15:00-де Мойынқұм ауданы Құшаман ауылынан шығып кеткен бала әлі үйіне қайтпаған.
200-ден астам полицей, құтқарушы, жергілікті жерде тұратын ерікті елді мекенде іздестіру жұмыстарына қатысып жатыр.
Аудандық полиция бөлімінің ақпаратына сәйкес, жергілікті тұрғындар сағат 18:00 шамасында баланы Жасұлан ауылының маңынан көрген.
Қазір дауыс зорайтқыш құрылғылар қолданылуда. Іздестіру жұмыстарына кинологиялық жасақтар да кірісті.