Жамбылда 4 жасар бала бетон арасына қысылып қалды

Жамбыл облысында бетон тақталар арасына қысылып қалған бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Жамбыл облысы Үлгілі ауылында, Смайлов көшесінде орын алды.

Төрт жасар бала көшеде ойнап жүріп абайсызда бетон тақтайшалардың арасына қыстырылып қалып өздігінен шыға алмаған.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен плиталарды ашып, баланы босатты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы