Жамбылда 32,5 мың бизнес жобасына несие берілді
Жамбыл облысында бизнесті дамытуға 289,7 млрд теңге көлемінде несие берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттары, яғни екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары арқылы 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 млрд теңге несие берілді. Берілген несиелердің ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында 52,1 млрд теңгеге 1218 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъктілерімен шығарылған өнім көлемі 18,1%-ға артты, бұл 765,5 млрд теңгені құрайды, - деп атап өтті өңір басшысы.
Сонымен қаатар әкім 1 қарашадағы дерекке сәйкес, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 109,1 мың бірлікті құрайтынын алға тартты.
Онда жұмыспен қамтылғандар саны – 165,4 мың адам. Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 348,2 млрд теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі – 22,5%-ға тең болды, - деді Ербол Қарашөкеев.
Айта кететін жайт, облыста Үкіметтің қолдауымен шағын және орта бизнесті дамытуға жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылған. Онда 1,7 млрд теңгеге 3 жоба жүзеге асырылды.