Жамбылда 200-ден астам әйел басшылық қызметте отыр

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсінбаев Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі форумның басты мақсаты – ауыл әйелдерінің  қол жеткізген жетістіктерін көрсету, бөлісу, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту. Әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы ауылда өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Қазақтың әрбір қыз-келіншегі бүгінгі заманның ағымымен қызмет етіп, отбасының, бүкіл бір елдің ұйытқысы болуы тиіс деп ойлаймын. Қала мен дала арасындағы байланысты жалғауымыз керек. Тәрбиенің қайнары, ұлттық руxымыз әуелі ауылдан бастау алады. Соны насиxаттап, соны көрсетуіміз қажет, - деді Үйсінбаев. 

Ол Жамбылда қанша әйел қызмет етіп отырғанын айтты.

Бүгінгі күнде Жамбыл облысында 1 149 914 халық болса, оның 689 739-і ауылда тұрады. Оның ішінде 339 769-і әйел. Олардың бір парасы әлеуметтік салаларда, шағын және орта кәсіпте, қызметтің түрлі салаларында еңбек етіп жатыр. Бүгінгі күні Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 2008 әйел немесе 47 %. Жергілікті атқарушы органдарында 1053 (41 %) әйел мемлекеттік қызметкер болса, оның ішінде 252 әйел (29 %) басшылық қызметте, - деді ол. 

Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түсркістан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы