Жамбыл және Павлодар облыстарында қант зауыты салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығару туралы баяндады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен толтыру жөніндегі іс-шараларды кешенін жүзеге асырады. Азық-түлік тауарларының барлық негізгі түрлері бойынша қамтамасыз ету 80 пайызды, ал кейбіреуі бойынша 100 пайызды құрайды. Бұған алма, балық, шұжық, ірімшік және сүзбе, құс еті кірмейді. Олар бойынша импортқа тәуелділік бар. Осы орайда ұзақмерзімді салалық бағдарламалар әзірленді. Мысалы, 2020 жылы қуаты 105 мың тонналық 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаты 73 мың тонна 8 құс фабрикасы салынатын болады. Осыған қоса 2 мың гектарға бақ егу жоспарланған. Жамбыл және Павлодар облысында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 3 қант зауытына жаңғырту жұмыстары жоспарланған, - деді Сапархан Омаров.Оның айтуынша, қазіргі таңда аталған жоспарлар бойынша инвесторлар белгілі. Осылайша бұл іс-шаралар 2020 жылы импорт үлесін 36,2 пайыздан 31,2 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Ал 2024 жылға қарай ішкі нарықты азық-түліктің осы тауарларымен толық қамтамасыз ету жоспарланған.
Алма бойынша соңғы жылдары өнімділік 70-тен 74 центнерге дейін артты. Отандық өндірістің алмамен қамтамасыз етілуі 65-тен 69,5 пайызға дейін өсті. Қант бойынша өндіріс көлемі 345 мың тоннадан 505 мың тоннаға дейін, ал өнімділік 285 центнер/гектардан 305 центнерге дейін артты. 2019 жылы 10 өнеркәсіптік және 21 отбасылық ферма іске қосылды. Олар тауарлық сүт көлемін 45 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беріп отыр, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы