Жамбыл травматологтары тізе буындарын емдеудің жаңа әдісін енгізуде
Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының базасындағы травматология бөлімінде жергілікті мамандарды тізе буынын эндопротездеудің заманауи қағидаттарымен таныстыру мақсатында шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Буындардың күрделі аурулары бар науқастар үшін бүгінгі күні эндопротездеу-толыққанды өмірге оралудың жалғыз мүмкіндігі.
Тізе ауыстыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге Мәскеу қаласынан келген м.ғ. к., Денис Владимирович Римашевский шақырылды. Сондай-ақ, шеберлік свныбының жұмысына травматология бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Қайыржан Құтымтай және травматология дәрігерлері Дәурен Идеев, Мұхан Санаев, Михаил Мацагоров, сондай-ақ травматикалық пункт меңгерушісі Нұржан Әбдірайымов қатысты.
Жаңа имплантты енгізу бойынша көрсеткіштік операциялар барысында екі пациентке SNUNLI эндопротезімен тізе буынын толық эндопротездеу орындалды. Бұл әдіс ортопедиядағы соңғы жетістіктердің бірі болып табылады, ол сүйектердің буын беттерін толығымен ауыстырудың минималды инвазивті әдісін алға тартады.
Д. Римашевскийдің айтуынша, бұл әдіс - операциядан кейінгі жараның ерте жазылуына мүмкіндік беретін тізе шыныаяғының үстінен кішкене кесу арқылы жасалады. Бұл - өз кезегінде ерте оңалтуға ықпал етеді. Мұндай мүмкіндік операциядан кейінгі ауырсынуды және ауруханада төсек күндерін азайтады. Науқасты, сондай-ақ, ерте кезде белсендіруге рұқсат етіледі.
Осындай хирургиялық араласудан кейін ауырсыну синдромының толық жойылуы және буынның қозғалғыштығының едәуір артуы күтіледі. Эндопротездің жаңа түрі болып табылатын бұл әдісте қолданылатын полимерлі тығыздағыш көптеген жылдарға созылуы мүмкін. Мұнда науқастар үлкен азап әкелген ауырсынудан арылып, қалыпты, белсенді өмірге оралады.
Жамбыл травматологтарының айтуынша, шеберлік сыныбы нәтижесінде тізе буындарын эндопротездеу үшін қажетті білім мен практикалық дағдылар жиынтығы алынды.