Жамбыл полицейлері жүкті ананы екi баласымен өрттен құтқарды
14 ақпанында Меркі АПБ ӘПб жол-техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторлары полиция капитаны Данияр Тналиев пен полиция аға лейтенанты Нұрдәулет Нұрғали Интернациональный кентінде Көкжек көшесіндегі үйлердің бірінің терезесінен қалың түтінді көредi, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жақын барғанда полицейлер жеке үйдің түтін мен жалынға толы екенін байқайды. Олар жеке қауіпсіздігi туралы бір сәт те ойланбастан, өтіп бара жатқан адамдарға өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасын шақыруды айтып, өздері үйге қарай жүгірді.
Әрiптесiм екеумiз үйге қарай жүгіргенде, әйелдің дауысы мен баланың жылағанын естідік. Ойланып тұратын уақыт жоқ едi. Біз терезені сындырып,iшке ендiк. Мен қалың түтінді аралай бастадым. Ештеңе көрінбеді, балалардың даусымен ғана тұрған жерлерiн анықтай алдым. Дер кезінде құтқара алғанымызға қуандық. Бiз өз мiндетiмiзге сай әрқашан қиын сәтте көмекке келуге дайвн екендігiмiздi айтқым келедi, - деді полиция капитаны Данияр Тналиев.
Сол бірнеше шешуші минуттарда екі ержүрек полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден екі кішкентай бала мен олардың жүкті анасын құтқара алды. Оған қоса жедел жәрдем келгенге дейін денсаулықтарын бақылап, кез келген жағдайда қажетті құтқару шараларын өткізуге дайын болды.
Көп ұзамай келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өршiген жалынды сөндірдi. Полицейлер отбасын тексеру үшін дәрігерлерге тапсырды. Содан кейін ғана штаттық режимдегi өз қызметтерін әрі қарай жалғастыруға кетті.