Жамбыл полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 40-қа жуық дерегін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 40-қа жуық дерегін анықтады,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

1 ақпаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын, сондай-ақ оның жолын кесуге, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Облыс аумағында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 1-3 ақпан аралығында бір қылмыс дерегін, тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруын сақтаудың – 11, әкімшілік құқық бұзушылықтың 28 дерегін анықтады. – Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдаланудың бір дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауының – 11 дерегі, азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібін бұзудың бір дерегі, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың екі дерегі және жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзудың – 14 дерегі анықталды, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев. 

Еске сала кетейік, алдын алу шаралары 20 ақпанға дейін жалғасады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы