Жамбыл полицейлері Тәуелсіздік күні қарсаңында ІІО ардагерлерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Жамбыл облысы полиция департаментінде Жамбыл облысы Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті. 

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы ПД ардагерлер ұйымы 1284 адамды құрайды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов құттықтау сөзінде Ардагерлер ұйымы полиция қызметімен бірге әрі қарай да бірге жүруі тиіс екенін атап өтті.


Зейнетке шыққан адам өзін тастағандай сезінбеуі керек, біз әрқашан тыңдап, оған қажетті көмек көрсетеміз. Полицейлердің жас буынына патриоттық тәрбие беруге ықпал еткені үшін облыстық ПД ІІБ ардагерлер кеңесінің мүшелеріне ерекше алғыс айтқым келеді, - деді ол.

Іс-шара барысында ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Дәстүр бойынша ҚР Тәуелсіздік күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінен кейін жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірден түсініктеме алды.


Кездесу соңында ІІО ардагерлері облыс полиция департаментінің басшылығына қазіргі тәртіп сақшылары өз зейнеткерлеріне үлкен қамқорлықпен қарайтындары үшін алғыс айтып, алдағы уақытта жемісті ынтымақтастыққа сендірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы