Жамбыл облысының жер қоры 14,4 млн гектарды құрайды
Жамбыл облысының әкімдігі Жер қатынастар басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов 2022 жыл мен 2023 жылдың алғашқы 4 айында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көпбосыновтың айтуынша, облыстың жер қоры 14,4 млн гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер - 4,7 млн га, елді мекендердің жерлері – 672,2 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер – 174,7 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман қорының жерлері – 4 429,0 мың, су қорының жерлері – 356,0 мың, босалқы жерлер - 1 600,1 мың гектарды құрайды.
Облыс аграрлы-индустриялды аймақ болып табылады. Қолда бар жер қорының 72 пайызын егін және мал шаруашылықтарын дамытуға қолайлы. Бұл аграрлық саланы дамыту мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді. 2022 жылы 14 конкурстар өткізіліп, 47,0 мың га ауыл шаруашылық жерлері рәсімделсе, есепті мерзімге 3 конкурс өткізіліп, 67 жер учаскес көлемі 3,4 мың га рәсімделді. Жер заңнамасымен мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты аукциондарды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастырылып өткізілуде. Өткен жылы 44 аукцион ұйымдастырылып 34 жер учаскесі 112 млн.теңгеге сатылса, есепті мерзімде 9 аукцион 10 жер учаскесі 138 млн тг сатылды, - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар ол облыс тұрғындарының жерге кезектілігі электронды жүйеге көшіріліп, сайт арқылы қол жетімділік қамтамасыз етілгенін айтты. Сайтқа кез келген азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы кіре алады. Қазіргі кезде кезектіліктің электронды жүйесі Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алушылардың Бірыңғай Республикалық реестріне 187 мың азаматтың кезектілігі және 35 мың азаматтың жер учаскесін алғанды туралы тізім енгізілді.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 28 наурыздағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында пайдаланбай отырған және ұтымсыз пайдаланымдағы, сондай-ақ заңбұзушылық жолымен құқық табысталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес, 2022 жылы Республика бойынша мемлекет меншігіне қайтаратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 5,0 млн га, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша - 200,0 мың га болып белгіленді. Тапсырманы орындау мақсатында, 2022 жылдың 20 маусымында «Ведомствоаралық кіші топ құру туралы» облыс әкімінің №140-ө өкімі қабылданып, өкім негізінде облыс аудандарында «Кіші жұмыс топтары» құрылып, жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, жоспар 101,5 пайызға орындалып, 203 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жылғы жоспар нақтыланып, бүгінгі күнге 70 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылып жоспардың 36,2 пайызы орындалды, - деп түсіндірді Жамбыл облысының әкімдігі Жер қатынастар басқармасының басшысы.
Бұдан бөлек ол облыста жалпы 8,1 млн гектар жайылым жер болса, оның 3,6 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 740,0 мың га елді мекен жайылымы және 1,6 млн га орман қорындағы жайылымдар құрайды.
Жалпы облыс бойынша мал жайылым тапшылығын жою мақсатында бес бағыт айқындалып, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда:
Босалқы жер қорындағы 376,9 мың га жайылымдарды ауылдық елді мекенге қосылып, 740,0 мың га құрап екі есеге артты;
Екінші бағыт - елді мекендерге жақын 5 шақырымдық радиуста орналасқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жолымен ауылдық округтер теңгеріміне берілуде. Бұл бағытта 200 мың га жуық жерлердің 13,6 мың га қайтарылып, 145,9 мың га иеленіп отырған жер пайдаланушыларға ескерту берілді. Жұмыс жалғасуда.
Үшінші бағыт-Орман қорындағы жайылымдықтар мен шабындықтарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында ветеринарлық нормадан артық мал басын ұстап отырған тұрғындардың малдарын орман жеріне шығару ұйымдастырылуда. (106,1 мың га орман қоры жерлері 158 жер пайдаланушыларға жалға берілді).
Төртінші бағыт - Агроқұрылымдармен Меморандум жасасу арқылы өнім жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал бағуға рұқсат беру. (2071 агроқұрылымдармен келісім жасалып, 490 мың га жуық жерлерге мал жаюға рұқсат берілді);
Бесінші бағыт - Игерусіз жатқан жайылым жерлерді мемлекет иелігіне қайтару шараларына жүргізу.
Жер қатынастары басқармасында 10 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі. 2022 жылы 50 қызмет көрсетілсе, есепті мерзімде 12 қызмет көрсетілді.
Жамбыл облысының әкімдігі Жер қатынастар басқармасының басшысы Қазақстан - Қырғыз Мемлекеттік шекарасының облыс аумағынан өтетін бөлігінің жалпы ұзындығы 716 шақырымды құрап облыстың 6 ауданының аумағы арқылы өтетінін айтты.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік шекара туралы» Заңының талаптарына сәйкес шекара сызығын бойлай Шекара қызметіне берілетін жолақтың енін жаппай 100 метрге дейін жеткізу туралы 2014 жылы 16 сәуірде Ел Үкіметінің №356 Қаулысына сәйкес 2023 жылы 100 метрлік шекара еніне кірітін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды, - деді Көпбосынов.
Сондай-ақ жер қатынастарынан туындайтын даулады реттеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда, оның ішінде бүгінгі Қордай ауданындағы «Ақтас Қордай» ЖШС, Т.Рысқұлов ауданындағы «Күнту» ЖШС, Байзақ ауданындағы «Үлгілі-2030» ЖШС-терінің т.б мәселелері шешімін тапты.