Жамбыл облысының Жаңатас қаласы жылусыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қыстың қақ ортасында бүтін бір қала жылусыз қалды. 20 мыңнан астам тұрғыны бар Жаңатаста орталық қазандық істен шығып, шаһар тұрғындары шулап жатыр. 

92 көп қабатты тұрғын үй, 41 бюджеттік мекеме, 11 білім беру және 2 денсаулық сақтау нысаны жылусыз бір тәулік бойы тұрып қалды. Қақаған аязда абдыраған жұрт әлеуметтік желіге жазып, шу шығарды. 

Қазір олар электр жылытқыштарды амалдап отыр. Қазандықта неден ақау шыққаны белгісіз. Арнайы жұмыс тобы құрылған. 

Мына ел азаннан бері шырылдап, тыныштық бермей жатыр. Бағана әсіресе үрейімізді алғаны қазандық жарылды дейді. Бірақ қазандық жарылмапты. Сөйтсек, кінәсі майдың жоқтығы. Мазуттың жоқтығы. Қосылған жоқ әлі. Әлі отырмыз дірілдеп. Суымыз мұздай. Отопление жоқ. Екі пешімізді қосып отырмыз. Бала-шағамызбен жаурап отыр. Пластикамыз уілдеп тұр. Кешеден бері қазандыққа звондасақ, «мазут жоқ» деп отыр, – дейді қала тұрғындары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы