Жамбыл облысының шалғай ауылында спорт кешені пайдалануға берілді

Қордай ауданына қарасты Қарасай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заманауи спорт нысанында кәсіби және әуесқой спортшыларға қолайлы жағдай жасалған.

Жаңа әлеуметтік нысанның ашылуына аудан әкімі Бегзат Болатбеков, ардагер спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Спорт кешені халыққа қолжетімді болуы тиіс. Нысанның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, жарыстар мен жаттығулардың ордасына айналдыру - маңызды. Спортшыларға жеңісті, жемісті күндер тілеймін! – деп атап өтті аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Қарасайлықтардың атынан Құрманғазы Жетігенов сөз алды.

Балаларымыздың спортпен тыңғылықты айналысуына жол ашылғанына қуаныштымыз! Мемлекет қолдауына ауыл ақсақалдарының атынан алғыс білдіреміз! – деді ол.

Ғимараттың лентасы қиылған соң қонақтар мекеменің ішін аралап көрді.

Екі қабатты кешен 2 негізгі бөлікті қамтиды. Мұнда футбол манежі, спортзалы және ауыр атлетика, бокс, күрес залы бар. Сонымен қатар киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар мен медицина қызметкеріне кабинет қарастырылған.

Айта кетейік, Қордай ауданында 3 спорт мектебі, 2 спорт клубы, 11 спорт кешені бар. Бүгінде аудан тұрғындарының 41 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданып келеді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы