Жамбыл облысының құтқарушылары 8 адамды эвакуациялады

Тараз қаласындағы 10-шағын ауданда 5 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында электр қалқанынан өрт шығып, шатыр астына ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ күштері кіреберістен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен 5 шаршы метр алаңда сөндірілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы