Жамбыл облысының Меркі ауданында жасөспірім өлі күйінде табылды

2024 жылы 13 мамырда Меркі аудандық орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай кәмелетке толмаған ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сонымен қатар, оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жариялануға жатпайды, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы