Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 

Еске сала кетейік, аталған учаскеде Меркі ауданы тауларында жауған қар аралас жаңбыр салдарынан жергілікті автожол мен теміржол көпірінің негізі шайылып кеткен болатын.


Бір жол бойынша пойыздар қозғалысы түнгі сағат 02:15-те ашылды. Қарсы қозғалыс таңғы сағат 8:20-да іске қосылды, - делінген хабарламада.


Қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына арнайы темір жол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды. 


Барлық станса пойыздардың кешігу мерзімі мен себептері туралы толық ақпараттандырылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы