Жамбыл облысының тұрғынынан 100 келіден астам есірткі заты тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының тұрғынынан 100 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамызда "Қарасора-2020" республикалық жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімінің қызметшілерімен бірлесіп, Шу ауданының құмға жақын аймағында 30 жастағы ер адамды ұстады, одан шамамен 62 келі кептірілген марихуана мен 40,5 келі қарасора шөбінің сабағы табылған.Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Өзгелердің жаңалығы