Жамбыл облысындағы жәрмеңкеде 173,7 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды

Жәрмеңкеде жалпы құны 112,3 млн теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының орталық алаңында өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген.

Жәрмеңкеде жалпы құны 112,3 млн теңгені құрайтын 173,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,5 тонна шұжық өнімдері, 6,4 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 4,0 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 4,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 127,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Өзгелердің жаңалығы