Жамбыл облысындағы ветеринариялық мекемелерге жаңа көліктер берілді

Жамбыл облысында өңірдегі ветеринариялық ұйымдарға автокөлік табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күні тиісті мекемелерге облыстық бюджет есебінен арнайы жабдықталған 10 УАЗ көлігі берілді.

Аймақ басшысы мұндай шаралар ветеринария саласының жұмысын жандандыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласын реформалауға, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындауға, ветеринария жүйесін цифрландыруға, мамандарды даярлауға, жалақыны арттыруға қатысты маңызды міндеттер жүктеген болатын.

Қазіргі таңда облыстың ветеринариялық ұйымдарын орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы ветеринариялық станциялары тек өздеріне тән функцияларды ғана атқаратын болады. Қосымша қаржылық-шаруашылық жүргізу жұмыстарын облыстық деңгейде құрылатын кәсіпорын орындайды. Үнемделген қаражат есебінен ауылдық жердегі мал дәрігерлерінің жалақылары шамамен екі есеге дейін артады деп көзделуде.

Ауылдардағы ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық станциялардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады,-деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы табысталған жаңа қызметтік көліктер кәсіпорындардың өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындауды біршама жеңілдететіне сенім білдірді.

Пунктегі жануарлар «Жануарларға жауапты қарау туралы» Заңына сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған уақытша ұстау орындарына жеткізілген иесіз жануарлар арнайы тәртіппен асырап алуға ниетті тұрғындарға беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы