Жамбыл облысындағы шаруа қожалығынан Есілге 540 мың шабақ жөнелтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Гродекова ауылындағы «Сандель» шаруа қожалығы Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзеніне 540 мың тұқы тұқымдас шабақ жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жылына мұнда 3 млн ға жуық шабақ өсіріп, еліміздің басқа өңірлеріне және облыстағы су айдындарына жеткіземіз, – дейді шаруашылық жетекшісі Д.Хусаин-Ахунов.

Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Қанатбек Зауырбектің айтуынша, облыс аумағында балық өсірумен айналысатын 117 шаруашылық болса, Балқаш көлінде 18 су қоймасы мен 17 республикалық мәнге ие учаске бар.

Бір Гродеково ауылында 71 гектарды алып жатқан 8 шағын шаруашылық балық өсірумен айналысады. Шабақтардың дені Қапшағайға, Шардараға, Балқашқа, облыс аумағындағы Билікөл, Ақкөл, Теріс-Ащыбұлақ және басқа да су қоймаларына жіберіліп тұрады, – дейді Зауырбек Қанатбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы