Жамбыл облысындағы мектепте 44 оқушы мен 2 мұғалім тамақтан уланды
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жамбыл облысы білім басқармасының ақпаратына сәйкес 2023 жылғы 7 қарашада Байзақ аудандық орталық ауруханасына Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен түскен, - деді комитет.
Тексеруден кейін 11 оқушы үйлеріне оралды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алуда. Балалардың жағдайы қалыпты.
Осы факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды.
Бүгінгі күні мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс бірқатар заң жобасын жұмысқа алды
Өзгелердің жаңалығы