1 Қаңтар 2026, 21:50 Фото: pixabay

Жамбыл облысындағы бірнеше республикалық жолда қозғалыс шектелді

Жамбыл облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Жамбыл облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 1 қаңтар сағат 19:20-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, қалың тұман, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (жаңа Қордай асуы)» автожолының 159–238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жолды 2026 жылғы 2 қаңтар күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жол мамандары жүргізушілерден жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.